Bugin
Өзбекстан Украинаның аумақтық тұтастығын жақтайды және Донецк мен Луганск халық республикаларының (ДНР және ЛНР) тәуелсіздігін мойындаудан бас тартады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Дипломаттың айтуынша, Ташкент дәстүрлі түрде Ресеймен де, Украинамен де жақсы қарым-қатынаста, бірақ сыртқы саясатты басқа адамдардың ұлттық мүдделері емес, өз мүдделері негізінде құратын болады.
- «Біз бұл елдермен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастырамыз», - деді Камилов.
Сонымен бірге, ол Өзбекстанның Украинадағы әскери қақтығыстарға алаңдап отырғанын айтып, жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.
- «Біз зорлық-зомбылық пен қақтығысты тоқтатуды жақтаймыз», - деп түсіндірді Сыртқы істер министрі.